Өскемен экономика және техника колледжінде «Колледжде төтенше жағдай туындау қаупі кезіндегі басшылық құрам мен білім алушылардың іс-қимылдары» тақырыбында нысандық оқу-жаттығу өтті.

Оқу-жаттығу барысында қатысушылар төтенше жағдай туындаған кезде әрекет ету тәртібін, эвакуацияны ұйымдастыруды, қауіпсіздік талаптарын сақтауды және жауапты тұлғалар арасындағы өзара іс-қимылды пысықтады. Шешімдерді жедел қабылдауға, белгіленген эвакуациялау бағыттарын сақтауға, қызметкерлер мен білім алушылардың үйлесімді әрекет етуіне ерекше назар аударылды.

Оқу-жаттығу төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл дағдыларын бекітуге және адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ықтимал қауіп-қатерлерге жедел әрекет ету бойынша колледж ұжымының дайындығын арттыруға мүмкіндік берді.

Поделиться: