Талапкер күнтізбесі
Тұлғалардың білім беру ұйымдарына оқуға өтініштерін қабылдау:
1)орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша:
мемлекеттік тапсырыс бойынша күндізгі оқу нысанына негізгі орта білім беру базасында (9 – сыныптар) — 2026 жылғы 20 маусым — 18 тамыз аралығында; жалпы орта білім беру (11-сынып), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (колледж) базасында — 2026 жылғы 20 маусым-20 тамыз аралығында;
ақылы негізде оқудың күндізгі нысанына – 2026 жылғы 20 маусым — 25 тамыз аралығында;
сырттай оқу нысанына — 2026 жылғы 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін
2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша — 2026 жылғы 20 маусым — 25 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:
1) күндізгі оқу нысанына — 2026 жылғы 31 тамызға дейін;
2) сырттай оқу нысанына — 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін;
3) кәсіпорындардың (ұйымдардың, мекемелердің) өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты даярлауға 2026 жылғы 18 тамызға дейін.
Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау: оқудың күндізгі нысанына – 2026 жылғы 31 тамызға дейін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүргізіледі.
Сізді қызықтырған сұрақтарға жауапты қабылдау комиссиясынан мына мекенжай бойынша алуға болады: Өскемен қаласы, Бажов көшесі, 68
Жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейің 09:00 ден 18:00-ге дейін, сенбі 9.00-ден 14.00-ге дейін
демалыс күні-жексенбі.
Көлікпен жүру: автобустар: 2, 5, 8, 43, 261 («Алтайэнерго» аялдамасы)
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы
https://adilet.zan.kz/rus/docs/P1200000264#z2
