16 қазанда Өскемен экономика және техника колледжінің 3-курс студенттері G-TON бағдарламасы аясында өткен конференцияға қатысып, өздерінің «Шығыс Control» атты жобасын таныстырды.
Жобаны Ақбаева Н.Т. жетекшілігімен Андрей Норкин, Анастасия Дементьева және Милана Янцен әзірледі. «Шығыс Control» — Шығыс Қазақстан облысындағы жағдайды бақылауға арналған кешенді цифрлық платформа. Ол төтенше жағдайлар қызметтерінің, экологиялық қызметтердің және құқық қорғау органдарының деректерін бір жүйеге біріктіреді. Платформа спутниктік суреттер арқылы табиғи өрттерді бақылауға, ауа мен судың сапасын қадағалауға, сондай-ақ интернеттегі заңсыз контентті анықтауға мүмкіндік береді.
Конференция барысында студенттер платформаның негізгі мүмкіндіктерін таныстырып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді және жобаны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Мұндай іс-шараларға қатысу білім алушылардың зерттеушілік және жобалық құзыреттерін дамытуға, өздерінің цифрлық шешімдерін таныстыруға және кәсіби қарым-қатынас тәжірибесін жинақтауға ықпал етеді.


