Өскемен экономика және техника колледжінде Нан күніне орай «Ас атасы – нан» тақырыбында ашық сабақтар өткізілді.

Сабақ барысында студенттер нанның тарихы, адам өміріндегі маңызы және оны өндірудің негізгі кезеңдері — дәнді дақылдарды өсіруден бастап дайын нан өнімдерін пісіруге дейінгі үдерістер туралы мәлімет алды. Нанды қастерлеу дәстүрлеріне, оның ұлттық мәдениеттегі орнына және нан өндіруге қатысатын еңбек адамдарының еңбегін бағалауға ерекше назар аударылды.

Өткізілген сабақтар білім алушылардың нанды қадірлеу, еңбекке құрметпен қарау және азық-түлік өнімдерін ұтымды пайдалану қажеттілігін түсіну дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

Поделиться: