Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі тауар өндірушілерінің көрмесі аясында Өскемен экономика және техника колледжінің студенттері «Normal Work» ЖШС кәсіпорнына барып, практикалық сабақтарға қатысты.

Сабақ барысында білім алушылар өндірістік үдерістің ұйымдастырылуымен, қолданылатын жабдықтармен және технологиялық операциялармен танысты. Сондай-ақ жұмыс орындарын ұйымдастыруға, еңбек тәртібін сақтауға және еңбекті қорғау талаптарын орындауға ерекше назар аударылды.

Осындай іс-шаралар білім беру ұйымдары мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, студенттердің практикалық даярлық сапасын арттыруға және олардың заманауи еңбек нарығының талаптарына бейімделуіне ықпал етеді.

Поделиться: