Өскемен экономика және техника колледжінің командасы — «Мен — кәсіпкермін» республикалық Гранд-турнирінің облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды
2026 жылғы 20 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы және Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жыл сайынғы облыстық бизнес-жобалар Гранд-турниры өтті.
Іс-шара жастар арасында кәсіпкерлік ойлауды дамытуға, инновациялық идеяларды қолдауға және «Мен — кәсіпкермін» республикалық байқауының келесі кезеңіне қатысу үшін перспективалы жобаларды анықтауға бағытталды.
Өскемен экономика және техника колледжінің студенттері өз жобаларын лайықты таныстырып, түрлі номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болды. Қатысушылар медицина және сұлулық индустриясы, сауда, цифрлық технологиялар, туризм, дизайн және әлеуметтік серіктестік салаларында бизнес-идеяларды әзірлеу бойынша тәжірибелік дағдыларын көрсетті.
1 орын
-
Стоякина Анастасия, Нұрмухамет Батырхан — «Медицина, денсаулық, сұлулық индустриясы»
(Жетекшісі: Ақбаева Назгүл Тұрысбековна) -
Рысбек Мирас Дарханұлы — «Шоу-бизнес, мәдениет, өнер»
(Жетекшісі: Сембина Шырайлым Кайратовна) -
Толеуханова Малика Бауыржановна — «Сауда»
(Жетекшісі: Сембина Шырайлым Кайратовна) -
Бауединова Доменика — «Дизайн (түрлері), креативті индустриялар»
(Жетекшісі: Рашид Салтанат)
2 орын
-
Рустамов Мурат, Пак Александр, Борисов Михаил — «Әлеуметтік серіктестік»
(Жетекшісі: Рашид Салтанат)
Оналбеков Арлан Ринадұлы, Ыбырайұлы Нұрмұхамет — «Білім беру, ақпарат және цифрлық технологиялар»
(Жетекшісі: Тлеулесова Гулим Жамаладиновна)
Назырова Ангелина, Соляник Ксения — «Дизайн (түрлері), креативті индустриялар»
(Жетекшісі: Клиновицкая Татьяна Григорьевна)
3 орын
-
Адилбекова Аружан Талғатқызы — «Шоу-бизнес, мәдениет, өнер»
(Жетекшісі: Каримова Айжан Ахметовна) -
Зеленков Дмитрий, Костина Екатерина — «Туризм»
(Жетекшісі: Ауеспаева Анар Аскаповна) -
Қасымханов Батырхан — «Көлік, логистика және экология»
(Жетекшісі: Сеитова Меруерт Төлеубайқызы) -
Нурахметова Данагуль, Сабурова Анна — «Өндіріс, технологиялар, ауыл шаруашылығы»
(Жетекшісі: Клиновицкая Татьяна Григорьевна) -
Жанболатқызы Дана — «Дизайн (түрлері), креативті индустриялар»
(Жетекшісі: Тлеулесова Гулим Жамаладиновна)
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ олардың жетекшілерін лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жобаларды жүзеге асырып, биік жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!











