Ұлттық кітап күні

 

Қазақстанда 23 сәуір – Ұлттық кітап күні ретінде ресми бекітіліп, бұл мереке қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап оқуды дәріптеу және зияткерлік әлеуетті арттыру мақсатында енгізілді.

Осы маңызды күнге орай колледжімізде арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің негізгі мақсаты – студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың дүниетанымын кеңейту және рухани құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру.

Іс-шара барысында студенттер өзара пікір алмасып, сүйікті кітаптарымен бөлісті. Сонымен қатар, кітаптың адам өміріндегі маңызы, оның тұлғалық дамуға әсері туралы мазмұнды әңгімелер жүргізілді.

Осындай шаралар жастарды кітап оқуға ынталандырып, болашақта бәсекеге қабілетті, жан-жақты тұлға қалыптастыруға өз үлесін қосады.

Поделиться: