Өскемен экономика және техника колледжі
«Altay Business» форумына қатысты
Өскемен қаласында кәсіпкерлікті дамытуға, іскерлік белсенділікті қолдауға және перспективалы бастамаларды ілгерілетуге бағытталған «Altay Business» өңірлік форумы өтті. Аталған іс-шараға Өскемен экономика және техника колледжі студенттері мен оқытушылары қатысып, бизнес қауымдастығының өкілдерін, білім беру ұйымдарын, жас мамандар мен өңірдің болашақ кәсіпкерлерін біріктірген тиімді кәсіби диалог және тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Көрме бағдарламасы аясында колледж студенттері авторлық жобалары мен тәжірибелік жұмыстарын ұсынып, кәсіби даярлықтарының жоғары деңгейін, шығармашылық ойлау қабілеттерін және цифрлық технологиялар мен кәсіпкерлік саласындағы заманауи құралдарды меңгергендерін көрсетті. Ұсынылған жұмыстар Шығыс Қазақстан облысының әкімі Сақтағанов Нұрымбет Анамұлы тарапынан жоғары бағаланды.
Өскемен экономика және техника колледжі студенттерінің форумға қатысуы оқу орнының бәсекеге қабілетті, заманауи еңбек нарығының талаптарына бейімделе алатын және өңір экономикасының дамуына үлес қоса алатын мамандар даярлау бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесін көрсетеді.







