«WorldSkills Shygys–2026»: Өскемен құрылыс-экономика колледжінің базасында өңірлік чемпионат өтуде
«WorldSkills Shygys–2026» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатын өткізу аясында Өскемен экономика және техника колледжі заманауи әрі сұранысқа ие екі құзыреттілік — «Бұлтты бағдарламалау» және «Бейнемонтаж» бойынша жарыстарды өткізу алаңы ретінде айқындалды.
Колледжіміз заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған және IT мен цифрлық технологиялар бағыттарын белсенді түрде дамытып келеді. Аталған құзыреттіліктер бойынша чемпионаттың өткізілуі мамандар даярлау деңгейінің жоғары екенін және студенттердің кәсіби білім алуына тиімді жағдай жасалғанын көрсетеді.
Қатысушылар өндірістік ортаға барынша жақындатылған тапсырмаларды орындау арқылы өздерінің кәсіби білімдері мен тәжірибелік дағдыларын көрсетуде. «Бұлтты бағдарламалау» құзыреттілігі бойынша қатысушылар заманауи IT-шешімдермен, серверлік инфрақұрылыммен және бұлтты сервистермен жұмыс істейді. Ал «Бейнемонтаж» құзыреттілігінде қатысушылар шығармашылық қабілеттерін, кәсіби бағдарламалармен жұмыс істеу дағдыларын және сапалы медиаконтент жасау шеберліктерін танытуда.
Барлық қатысушыларға сәтті өнер көрсетіп, өз күштеріне сенім мен жоғары нәтижелер тілейміз!










