«Жас Сарбаз» облыстық байқауының қорытындысы:
колледж «Үздік капитан» номинациясын жеңіп алды
«Адал азамат» тәрбиелік бағдарламасы аясында, сондай-ақ Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына орай «Жас Сарбаз» клубтары арасында облыстық саптық және ән байқауы өтті. Іс-шара жастардың патриоттық рухын қалыптастыруға және әскери тәртіпке баулуға бағытталды.
Байқауға облыстың оқу орындарының командалары қатысып, саптық дайындық деңгейін, әскери әндерді орындау шеберлігін және өзара үйлесімділігін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша УККЭТ колледжінің командасы жоғары нәтиже көрсетіп, «Үздік капитан» номинациясын жеңіп алды. Команданы дайындаған взвод командирі — Сүндетбаев Мейірбек Бекбұлатұлы.
Бұл жетістік студенттердің жоғары деңгейдегі дайындығын және олардың көшбасшылық қабілеттерінің дамуын айқын көрсетеді.



