Өскемен экономика және техника колледжінде «Жас педагогтар мектебі» аясында жаңадан жұмысқа қабылданған оқытушыларға арналған педагог-тәлімгерлердің қатысуымен әдістемелік семинар өткізілді.

Семинар барысында оқу сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру, заманауи оқыту әдістерін қолдану, білім алушылармен тиімді қарым-қатынас орнату мәселелері қарастырылды. Педагог-тәлімгерлер кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, жас әріптестерінің педагогикалық қызметін жетілдіруге бағытталған әдістемелік ұсыныстар берді.

Мұндай іс-шараларды өткізу жас оқытушылардың кәсіби ортаға бейімделуіне, педагогикалық құзыреттілігін дамытуға және колледждегі тәлімгерлік жүйесін нығайтуға ықпал етеді.

Поделиться: