Өскемен экономика және техника колледжінде «Өндірістегі 10 күн» акциясының төртінші күні бүгінгі таңда маманға тиімді жұмыс істеу үшін қажетті кәсіби дағдыларды анықтауға арналды.

Студенттер кәсіпорын өкілдерімен әңгімелесіп, жас мамандарға қойылатын негізгі талаптар мен қажетті дағдыларды талқылады. Кәсіби біліммен қатар командада жұмыс істеу, шешім қабылдау, белгіленген талаптарды сақтау, жаңа міндеттерге тез бейімделу және заманауи технологияларды меңгеру қабілеттеріне назар аударылды.

Кездесулер барысында білім алушылар өздерінің болашақ кәсіби қызметке дайындығын бағалап, оқу барысында қосымша дамыту қажет дағдыларды анықтады. Жасалған қорытындылар студенттердің практикалық даярлығын одан әрі жетілдіру бағыттарын айқындауға негіз болады.

Поделиться: