Халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында Өскемен экономика және техника колледжінде студенттерге арналған «The Importance of Soft Skills in Technical Field» («Техникалық саладағы Soft Skills дағдыларының маңызы») тақырыбында дәріс-сессия өтті.
Дәріс жүргізген — Джеймс Роберт Симонс (James Robert Simons), оқытушы және «Колорадо» волонтерлік командасының өкілі (Аврора, Колорадо, АҚШ). Кездесу барысында студенттер халықаралық тәжірибемен танысып, техникалық маманның кәсіби қызметіндегі коммуникация, командалық жұмыс, жауапкершілік және көшбасшылық қасиеттердің маңызын талқылады.
Мұндай кездесулер колледждің халықаралық байланыстарын кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және студенттердің кәсіби әрі коммуникативтік құзыреттерін дамытуға мүмкіндік береді.



