COVID-19 вакцинасы, қауіпсіздігі және тиімділігі

2021 жылдың 25 қарашасында Өскемен экономика және қаржы колледжінің мәжіліс залында ШҚО ШЖҚ-ғы КМК «Өскемен қаласының №1 емханасының» медицина қызметкері Махмұд Құрманғалиұлы Муржуковпен кәмелетке толмаған студенттердің ата-аналарымен кездесу өтті. Студенттердің ата-аналарына кәмелетке толмаған балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін вакцинациялау қажеттілігі туралы айтылды.

Жиналғандар мәжіліс тақырыбы бойынша белсенді түрде сұрақтар қойды, онда М.К.Муржуков жан-жақты жауаптар берді. Барлық ата-аналарға ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіреміз және денсаулық тілейміз.

Поделиться: