«1С:Мансап күні»

2021 жылдың 25 қараша айында Өскемен экономика және қаржы колледжінің 20ИС-21к, 19ЭБ-31к, 19БР-31к және 18ТП-41р топтарының студенттері арнайы пәндер оқытушылары Лаура Саматовна Какимованың және Нина Аверьяновна Крюкованың жетекшілігімен Өскемен қаласының жоғарғы оқу орындары мен колледждерінің экономикалық және IT-мамандықтарының студенттері үшін жыл сайын 1С-Рейтинг өткізетін «1С:Мансап күні» іс-шарасына қатысты. Осы жылы аталған іс-шара Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің қабырғасында өтті.

Студенттер 1С саласын, мансап құру мүмкіндіктерін, авторлық құқықты қорғау, жаңа ұжымға бейімделу тәсілдерін, 1С фирмасының кәсіби жарыстары және осы салада өзін-өзі іске асыру мүмкіндіктері туралы білді.

1С-Рейтинг мамандары бірқатар шеберлік сыныптарын өткізді:

  • «Тиімді жұмысқа орналастыру»;
  • 1С бағдарламалау тілінің синтаксисі;
  • 1С консультант құралдар жинағы;
  • 1С: Жарыстары мен WorldSkills чемпионатына қатысу туралы.

Ең белсенді қатысушылар сыйлықтар алды! 20ИС-21к тобының студенттері Бақытбеков Райымбек пен Мұратбек Ақжан 12 айға Kaspersky Security антивирустық қорғауға тегін лицензия және 1С-Рейтинг фирмасынан күнделігін алды.

Поделиться: