Кітапхана

  • Home
  • Кітапхана

Кітапхана – студенттер мен оқытушыларға кітапханалық, библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету арқылы оқу процесін қамтамасыз ететін колледждің құрылымдық бөлімшесі.

Кітапхана кітап қорынан, оқу залынан және кітап сақтау қоймасынан тұрады. Жалпы кітап қоры қазақ және орыс тілдерінде 30 000 дананы құрайды. Колледж сайтында электронды тасымалдағышта оқу-әдістемелік әдебиеттер орналастырылған.

Негізгі оқулықтар мен қосымша әдебиеттер қорының сапасы кітап қорын жаңа оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және кәсіби мерзімдік басылымдармен жыл сайын толықтыру арқылы қамтамасыз етіледі. Кітап қорын толықтыруда білім алушылардың, сондай ақ оқытушылардың сұраныстары есепке алынады.

Жыл сайын кітапхана газет-журналдарға жазылады. Мерзімдік басылымдардың басым көпшілігі студенттер мен оқытушылардың ғылыми, білім алу және кәсіби қызығушылықтарын білдіретін мемлекеттік және орыс тілдеріндегі республикалық басылымдар болып табылады.

Кітапханада кітап көрмелері, оқырман конференциялары, Шығыс Қазақстанның ақын-жазушыларымен кездесу және тағы да басқа шаралар өткізіледі. Кітап көрмелері оқырмандар сұранысын қанағаттандырады, оқырмандарды жаңа кітаптармен таныстырады және қажетті әдебиеттермен қамтамасыз етеді.

Кітапхана қызметін автоматтандыру үшін «КАБИС» Қазақстандық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесі» (КАБИС Standard) бағдарламасы            орнатылды.

Кітапханада пайдаланушылардың барлық категорияларының тиімді жұмыс істеуі үшін жағымды жағдай жасалған. Оқу залы 20 орынға есептелген, интернетке қосылған компьютерлермен, сканермен, принтермен, көшіру аппаратымен жабдықталған.  Ақпаратты электронды тасымалдағышқа көшіріп алуға немесе басып шығаруға болады.  Компьютерлік қолдау оқу процесінен тыс шараларды әсерлі де есте қаларлықтай жасау мақсатымен кеңінен қолданылады. Пайдаланушылар үшін жоғары жылдамдықты интернет жақсы көмекші болады. Ол білім алушылардың ақпараттық мүмкіндіктерін кеңейтеді, қажетті ақпаратты жылдам табуға көмектеседі.

Поделиться: