Жалпы мағлұмат

  • Home
  • Жалпы мағлұмат

Құрылған жылы: 1943
Лицензия: 20.02.2009 ж. АБ 0067105
Колледж директоры – Ерсайын Ахметуәлиұлы  Нәбиев

ДиректорЕрсайын Ахметуәлиұлы  Нәбиев –  колледж директоры, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстанның педагогикалық ғылым академиясының академигі, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ құрметті профессоры, «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «Қазақстан Республикасының білім берудегі құрметті қызметкері», «Ы. Алтынсарин» ҚР БжҒМ төсбелгісімен, Қазақстан Республикасының Президенті-Н.Ә. Назарбаевтің  алғыс хаттарымен, ШҚО әкімі Б.М. Сапарбаевтің Құрмет грамотасымен марапатталған. 

Өскемен экономика және қаржы колледжі, бұрынғы Кооперативтік техникум, — бұл облыстың білім беру қызмет нарығында уақыт сынынан өткен және өз әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете алған жетілген оқу мекемесі. Бүгінгі таңда колледж бизнес-білім беру көшбасшыларының бірі болып табылады, Халықаралық қаржы мектептерінің лигасының мүшесі, «Еуропалық сапа колледжі» атағына ие.
Экономикалық пәндер бойынша облыстың жетекші колледжі.

2010 жылы колледж Қазақстан-Американдық еркін университетінің құрамына кірді, бұл университетке Халықаралық серіктестік университетінің мүмкіндіктерін белсенді пайдалануға мүмкіндік берді.

Педагогикалық ұжым жоғары кәсібилігімен ерекшеленеді. Мұғалімдердің 87% жоғары және бірінші санатқа ие.

Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету мақсатында оқыту үдерісіне оқытудың инновациялық әдістері мен технологиялары енгізіледі. Колледж ішінде компьютерлік тәжірибе өткізіледі. Студенттер қаланың ірі кәсіпорындарында іс-тәжірибеден өтеді, олар: «КАЗЦИНК», «Шығысэнерготрейд», «Азия Авто», «Бипэк Авто», «Voska».

Оқу үрдісін қамтамасыз ету

Оқу үрдісі бай кітап қорымен қамтамасыз етіліп, мерзімді баспасөз қорымен тұрақты түрде жаңартылады. Студенттерге ыңғайлы болу үшін оқу залы жұмыс істейді.

Оқыту кабинеттерінде оқу құралдары, үлестірмелі материалдар, кәсіби оқытуға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету кешені шоғырландырылған.

Студенттер бос уақытында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады: олимпиадаларда, сайыстарда, тренингтерде, әр түрлі деңгейдегі конференцияларға қатысады, спорт секцияларына барып, әр түрлі жарыстарға қатысады.

Колледжде құқық бұзушылықтың алдын-алуға қатысатын, Қазақстан Республикасы заңнамасы саласындағы білімдерін жетілдіретін, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын дамытатын, дене шынықтыру және жаттығу бойынша қалалық жарыстарға қатысатын студенттік полиция бөлімшесі бар.

Колледж студенттері өздерінің таланттарын көрсететін мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысады.

Түлектер

  • Университетке бейіндік мамандық бойынша қысқартылған оқыту түріне түсуге мүмкіндік алады.
  • ҚАЕУ жеңілдік шарттарымен түсуге мүмкіндік алады.
  • Ұйымдастыру нысанына қарамастан ұйымдарда, кәсіпорындарда, фирмаларда мамандық бойынша жұмыс істеу.
Поделиться: