Техникалық мамандықтар


1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы

Біліктілігі: 1304043 «Техник-программист»

Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде – 3ж.10ай.
11 сынып негізінде – 2ж.10 ай.

Техник-программист обучение в ВКОБұл біліктіліктің мамандары еңбек нарығында және жетекші компанияларда жоғары бағаланады. Техник-программист –  техникалық жұмыс жасайтын, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге, оны сынау және техникалық қызмет көрсетуге қатысатын маман, ақпараттық және есептеу орталығына түсетін ақпаратты механикаландырылған және автоматтандырылған түрде өңдеуді қамтамасыз етеді.

Колледж бітірушілердің алатын лауазымы:

  • Программист
  • Компьютерді құрастыру маманы
  • Серверді құрастыру маманы
  • Жүйелік администратор
  • Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуші
  • Веб-дизайнер
  • Сынаушы
  • Жүйелік архитектор
  • SEO — оптимизатор
  • Техникалық қолдау жөніндегі маман

Жұмыс орны:

  • IT-компаниялар
  • Веб-студия
  • Компьютерге техникалық қызмет көрсететін және оның қауіпсіздігің қамтамасыз ететін барлық компаниялар

«Техник-программист» мамандығын таңдасаңыз, қызықты әрі ақылы мамандықты таңдайсыз!


1305000 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы

Біліктілігі: 1305023 «Техник-программист»

Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде — 3/10.
11 сынып негізінде — 2д.10 ай.

Обучение на программиста в Усть-КаменогорскеПрограммистер еңбек нарығында және Шығыс Қазақстан облысында ақпараттық жүйелер саласындағы жетекші компанияларда жоғары бағаланады.

         Техник-программист – ақпараттық- есептеу орталығына түскен ақпаратты механикаландырылған және автоматтандырылған түрде өңдеуді қамтамасыз етеді, өнеркәсіптік және ғылыми сипаттағы экономикалық және басқа мәселелерді шешуге арналған технологияларды, бірегей сайттар мен қосымшаларды, мобильді құрылғыларға арналған сайттарды әзірлейді және т.б.

Колледж бітірушілердің алатын лауазымы:

  • Программист 1C
  • Жүйелік администратор
  • Әзірлеуші
  • Веб-дизайнер
  • Жүйелік архитектор
  • Android әзірлеушісі
  • IOS әзірлеушісі
  • Flash әзірлеуші
  • HTML веб-дизайнері
  • Ақпараттық қауіпсіздік бойынша маман

Жұмыс орны:

  • IT-компаниялар
  • Веб-студия
  • Компьютерге техникалық қызмет көрсететін және оның қауіпсіздігің қамтамасыз ететін барлық компаниялар

«Техник-программист» мамандығын таңдасаңыз, қызықты әрі ақылы мамандықты таңдайсыз! 


1201000 «Автомобиль көлігін жөндеу, техникалық қызмет көрсету және пайдалану» мамандығы

Біліктілігі: 1201123 «Техник-механик»

Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде – 3ж.10ай.
11 сынып негізінде – 2ж.10 ай.

Техник-механик обучение в ВКОТехник-механик — еңбекқор және атқарушы балалар үшін өте жақсы мамандық. Механиктер машина жасау саласындағы зерттеулер жүргізу, сондай-ақ машиналарды, қондырғыларды және механикалық жабдықтарды жобалау, өндіру, монтаждау, салу, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша техникалық тапсырмаларды орындайды.

          Инженер-механик дипломын алғаннан кейін, біздің түлектер осы салада өз бизнесін ашады немесе «Азия Авто», «Бипек-авто», «Логист», «РОСТ», «Voska»  және басқа осылар сияқты компанияларға жұмысқа тұрады.

Колледж бітірушілердің алатын лауазымы:

  • Техник-механик
  • Қойма механиктері
  • Техниканы жөндеу бойынша механик
  • Электромеханик
  • Жол-құрылыс техникасын жөндеу бойынша слесарь
  • Көлік қызметінің механикі
  • Инженер-конструктор
  • Техникалық қызмет көрсету бойынша техник
  • Авто-механик
  • Механик-реттегіш
  • Автопарк механигі

Жұмыс орны:

  • Автопарктер
  • Өндірістік компаниялар
  • автоқұрастыру компаниялар
  • Логистикалық компаниялар
  • Жүк және жолаушылар тасымалдау компаниялары
  • Үлкен СТО
  • Қарулы Күштер мен полиция автокөліктік бөлімшелерінде.

«Техник-механик» мамандығын таңдай отырып, сіз тұрақты табысқа ие, перспективті жұмыс таңдап алсаңыз болады!

Поделиться: