Вакцина — бұл коронавирустық инфекциядан қорғанудың жалғыз жолы

23.11.2021ж. Өскемен экономика және қаржы колледжінде ЖШС «ВИТА-1» емханасының директоры Рахимова Рая Жанғалиқызымен колледж ұжымының кездесуі өтті.

Р.Ж.Рахимова 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерді COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинациялау бойынша ұжымға түсіндірме әңгіме өткізді; вакцина құрамы, логистика, сақтау, әлемдік деңгейдегі статистика және басқа елдердің тәжірибесін қамтитын өзекті сұрақтарға жауап берді. Ол вакцина бұл жағдайдан шығудың жалғыз жолы екенін түсінуді нығайтуға назар аударды.

Берілген ақпарат үшін рахмет!

Поделиться: