«Сен өз тарихыңды білесің бе?» әдеби викторинасы

«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Өскемен экономика және қаржы колледжінде «Сен өз тарихыңды білесің бе?» атты әдеби викторина өткізілді. Тарих пәнінің оқытушысы Ә.Қ.Бакешова Өскемен қаласының тарихы мен есте қалатын жерлері туралы әңгімелеп берді. Балалар бейнежазбаны тамашалап, викторинаға қатысты.

Шара соңында студенттер қала туралы алған әсерлерімен бөлісіп, «Мен өз қаламды неге сонша жақсы көремін?» деген сұраққа жауап берді.

Поделиться: