«Тапқырлар мен білгірлер» интеллектуалды ойыны

«Оқуға құштар колледж» акциясы аясында Өскемен экономика және қаржы колледжінде «Тапқырлар мен білгірлер» интеллектуалды ойыны өтті. Ойынның барлық сұрақтары Шығыс Қазақстан жазушыларының атақты көркем шығармаларының мазмұнына арналған.

Шараның мақсаты – студенттердің шығармашылық ойлауын, коммуникативті дағдыларын дамыту, жасөспірімдердің әлеуметтенуіне жағдай жасау.

Шара оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға ықпал етті. Балалар өз ойларын дұрыс айтып, логикалық қорытынды жасауға үйренді.  Қатысушыларға топтық жұмыс дағдыларын дамытуға жағдай жасалды.

Поделиться: