Куратор не оқиды?

«Оқу колледжі» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Өскемен экономика және қаржы колледжінде кітапқа деген қызығушылықты ояту және студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында, «Куратор не оқиды» акциясы өткізілді. Акцияға колледж оқытушылары Панкратова С.Ю., Умутбаева Ж.Д., Серикова Н.Р., Тлеулесова Г.Ж., Серікбаева Л.С. қатысты. Олар балалық шағында, мектепте және студент кездерінде қандай кітаптарға жақын болғанын, қандай әдебиеттерді оқығаны туралы әңгімеледі. Олар әдебиеттер оқу кезіндегі қызықты сәттерін еске алып, кітаптардан үзінділер келтіріп, қандай кітаппен ер жеткендерін айтып берді.

Поделиться: