Өскемен экономика және техника колледжінің 2-курс студенті Төлеуханова Малика «Жаңа қазақстандық патриотизм» жобасы аясында Қазақстан Республикасы «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы ұйымдастырған республикалық «Үздік студент» байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бұл жоғары марапат оның оқу мен қоғамдық қызметтегі жетістіктерінің, белсенді азаматтық ұстанымының, жауапкершілігі мен үздіксіз дамуға деген ұмтылысының нәтижесі болып табылады.
І дәрежелі диплом студенттің жоғары дайындық деңгейін, мақсаткерлігін және алға қойған мақсаттарына жетудегі елеулі еңбегін айғақтайды.
Төлеуханова Маликаны лайықты марапатымен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстарға жетуіне, жаңа мүмкіндіктер мен жарқын жетістіктерге қол жеткізуіне тілектеспіз!

