Өскемен экономика және техника колледжінің студенті пара-армрестлингтен Азия чемпионатының жүлдегері атанды
Өскемен экономика және техника колледжінің студенті Енин Богдан Қырғыз Республикасында өткен пара-армрестлингтен XXIII Азия чемпионатында еліміздің намысын абыроймен қорғады.
Чемпионатқа Азия елдерінің үздік спортшылары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Богдан жоғары спорттық шеберлік танытып, сол қолмен күресте І орынға, ал оң қолмен күресте ІІ орынға ие болды.
Бұл жоғары нәтиже спортшының табанды еңбегі, тәртіптілігі мен мақсаткерлігінің жемісі болып табылады. Қол жеткізген жетістіктерінің арқасында Богдан Үндістанда өтетін пара-армрестлингтен әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғау құқығына ие болды.
Өскемен экономика және техника колледжінің ұжымы Енин Богданды халықаралық спорт аренасындағы табысты өнер көрсетуімен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа жетістіктерге, толағай жеңістерге және әлем чемпионатында ел намысын лайықты қорғауына тілектестік білдіреді.

