Өскемен экономика және техника колледжі «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафонына белсенді қатысуда.
Марафонға колледж білім алушылары мен оқытушылары қатысып, түрлі жанрлар мен бағыттардағы шығармаларды оқып, мазмұнын талқылап, өз әсерлерімен бөлісуде.
Марафонға қатысу білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, дүниетанымын кеңейтуге, отандық және шетелдік авторлардың шығармашылығымен танысуға, сондай-ақ тұрақты түрде өздігінен білім алу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Өскемен экономика және техника колледжі жастардың зияткерлік дамуына, кітап оқуды насихаттауға және білімге деген қызығушылықты арттыруға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастыруда.


