Өскемен экономика және техника колледжінде «Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында өңір кәсіпорындарымен өзара іс-қимылды нығайтуға арналған алғашқы күн өтті.
Іс-шара барысында өндірістік практика мен дуальды оқытуды ұйымдастыру, түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері, сондай-ақ кәсіпорындардың білікті кадрларға деген өзекті қажеттілігі қарастырылды. Жұмыс берушілердің мамандарды даярлауға қатысуына және кәсіпорын өкілдерін білім алушыларға тәлімгер ретінде тартуға ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша жұмыс берушілермен одан әрі ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалды. Колледж бен кәсіпорындар арасындағы өзара іс-қимыл өндірістің талаптарын білім беру үдерісінде барынша ескеруге және студенттердің практикалық тәжірибе алу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

