Қарттар күні және кәсіби мереке — Мұғалімдер күні қарсаңында Өскемен экономика және техника колледжі колледждің білім беру қызметін дамытуға елеулі үлес қосқан ардагер ұстаздарды құттықтады.

Ардагер ұстаздарға колледж атынан құттықтау сөздері мен алғыс хаттар табысталып, олардың көп жылғы адал еңбегіне, білім беру саласына қосқан кәсіби үлесіне және ұстаздық қызметке деген адалдығына ризашылық білдірілді.

Өскемен экономика және техника колледжінің ұжымы ардагер ұстаздарға алғысын білдіріп, зор денсаулық, амандық, отбасылық береке және ұзақ ғұмыр тілейді.

 

Поделиться: