Өскемен экономика және техника колледжінің студенттері Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында өткен «2026 World Vocational College Skills Competition» байқауының іріктеу кезеңіне қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша колледждің екі командасы 50 000 теңге көлеміндегі сертификаттармен марапатталды. Бұл марапат студенттердің кәсіби даярлығын, шығармашылық көзқарасын және өз шеберлігін жетілдіруге деген ұмтылысын атап өтуге мүмкіндік берді.
Командаларды дайындаған өндірістік оқыту шебері Манарбек Шыңғыс Манарбекұлы және арнайы пәндер оқытушысы Абдрахманов Алибек Кайратбекович. Байқауға қатысу студенттерге алған білімдері мен дағдыларын көрсетуге, сондай-ақ кәсіби шеберлік жарыстарына қатысу арқылы тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.






