«Терроризмге қарсы іс-қимыл» акциясы аясында Өскемен экономика және техника колледжінде студенттермен терроризм мен экстремизмнің алдын алуға, сондай-ақ қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы хабардарлық деңгейін арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында студенттерге қауіпсіздік талаптарын сақтау, қырағылық таныту, күдікті заттар мен жағдайларға мұқият қарау қажеттігі түсіндірілді. Қауіп туындаған немесе төтенше жағдай орын алған кезде әрекет ету тәртібіне ерекше назар аударылды. Алынған ақпаратты бекіту мақсатында студенттерге тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.
Сонымен қатар жүргізілген профилактикалық жұмыс және негізгі қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат ата-аналардың назарына жеткізілді. Мұндай іс-шаралар студенттердің өз қауіпсіздігіне және айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал етеді.




