Өскемен экономика және техника колледжінде «Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында кәсіпорындардың өзекті қажеттіліктері мен мамандарды даярлауға қойылатын заманауи талаптарды зерделеуге арналған екінші күн өтті.
Іс-шара барысында колледж студенттері өңірдегі кәсіпорындарға барып, жетекші мамандармен кездесті. Кездесу барысында білім алушылар өндірістегі жұмыс ерекшеліктерімен, заманауи технологиялармен және жабдықтармен танысып, өз мамандығы бойынша табысты жұмыс істеу үшін қажетті сұранысқа ие кәсіби дағдылар мен құзыреттерді талқылады.
Мұндай кездесулер студенттерге өндірістің заманауи талаптары туралы ақпаратты тәжірибелі мамандардың өздерінен алуға мүмкіндік береді. Кездесулер қорытындысы бойынша болашақ мамандарды даярлау кезінде кәсіпорындар мен еңбек нарығының нақты қажеттіліктерін ескеру қажет болатын негізгі бағыттар айқындалды.



