Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні қарсаңында, жыл сайын 15 қарашада атап өтілетін мерекеге орай колледж кітапханасында «Теңге: кеше, бүгін, ертең» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің негізгі мақсаты – студенттерді ұлттық валютаның қалыптасу және даму тарихымен таныстыру, теңгенің мемлекеттің тәуелсіздігін нығайту мен экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызы туралы білімдерін кеңейту.
Көрме экспозициясына 1993 жылғы 15 қарашада теңгенің айналымға енгізілу тарихы, алғашқы және қазіргі банкноттардың ерекшеліктері, сондай-ақ Қазақстан монеталары мен естелік ақша белгілері туралы ақпараттық-танымдық материалдар қойылды.
Көрмемен танысу барысында студенттер ұлттық валютаның даму кезеңдері, оның өзіндік ерекшеліктері мен елдің экономикалық өміріндегі рөлі туралы мағлұмат алды.
Кітап көрмесін ұйымдастыру жастардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыруға, қаржылық сауаттылығын қалыптастыруға және тәуелсіз мемлекетіміздің ұлттық рәміздеріне құрметпен қарауға ықпал етті.
