Республикалық деңгейде мойындау: «Үздік студент» байқауындағы жеңіс
Біздің колледждің «Есеп және аудит» мамандығының 2-курс студенті Жанболатқызы Дана «Жаңа Қазақстан патриотизмі» жобасы аясында ұйымдастырылған «Үздік студент» республикалық байқауына қатысып, жоғары нәтижелерімен көзге түсті. Байқаудың негізгі мақсаты – ғылым, білім, өнер және спорт саласында айтарлықтай жетістіктерге жеткен, көшбасшылық қабілеті дамыған, елдің болашағы үшін жауапкершілікті көтеруге дайын талантты студенттерді анықтау және қолдау болып табылады.
Байқау жастардың интеллектуалды әлеуетін дамытуға, креативті ойлайтын, бастамашыл қатысушыларды қолдауға бағытталған. Қатысушылар терең білімді жаңа идеялармен ұштастыра білуі, ұлттық рухы жоғары және жаһандық деңгейде ойлай алу қабілетіне ие болуы тиіс. Сонымен қатар, байқау олардың шығармашылық бастамаларын және ғылыми ізденістерін ынталандырады.
Жанболаткызы Дана білім деңгейі, ұйымдастырушылық қабілеті және қоғамдық белсенділігімен ерекшеленеді. Байқау қорытындысы бойынша ол I дәрежелі дипломмен марапатталып, өзінің талантын республикалық деңгейде дәлелдеді.
Колледж Дананы шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейді!



