Өскемен экономика және техника колледжінің дебаттық тобы қалалық зияткерлік турнирдің жеңімпазы атанды

 

2026 жыл – Халықаралық еріктілер жылы аясында Өскемен қаласында «Еріктілер: қажет/қажет емес» тақырыбында дебат ойыны өткізілді. Аталған сайыста Өскемен экономика және техника колледжінің «Ақиқат» тобы 1-орынды иеленді. Сайыс қоғамдағы еріктілік мәдениетінің маңызын арттыруға, сондай-ақ қатысушылардың азаматтық белсенділігі мен сыни ойлау дағдыларын бағалауға бағытталды.

Ойын барысында студенттер өз ұстанымдарын ғылыми деректермен дәлелдеп, дебат форматының барлық талаптарын жоғары деңгейде сақтады. Қатысушылар тақырыптың әлеуметтік, құқықтық және гуманитарлық аспектілерін жан-жақты ашып, қазіргі қоғамдағы еріктіліктің рөлін терең талдады. Команданың жаңашыл көзқарасы, аналитикалық ойлау деңгейі және пікірталас мәдениеті қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Жеткен нәтиже команданың жетекшісі — Ауеспаева Анар Аскаповнаның жүйелі әрі кәсіби еңбегінің жемісі болып табылады. Ол – білім алушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, шешендік және дәлелді ой айту дағдыларын жетілдіруге бағытталған жұмысты жүйелі жүргізіп келе жатқан тәжірибелі педагог.

«Ақиқат» тобын және жетекші Ауеспаева Анар Аскаповнаны марапатқа лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Оларға алдағы уақытта да табыс, жаңа кәсіби жетістіктер және болашақтағы интеллектуалдық сайыстарда биік нәтижелер тілейміз.

 

Поделиться: