WorldSkills Kazakhstan 2025: екі күміс медаль иеленіп,

 чемпионатта екінші орынға ие болды

 

Өскемен экономика және техника колледжі X Республикалық WorldSkills Kazakhstan – 2025 чемпионатында күміс жүлде иегері атанды.

Астана қаласында өткен бұл чемпионат еліміздің ең үздік жас кәсіби мамандарын біріктіріп, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі үшін маңызды оқиға болды.

Біздің колледж студенттері — Благодетелев Даниил мен Литвинов Ярослав — «Ақпараттық қауіпсіздік» құзыреттілігі бойынша II орын иеленіп, жоғары дайындық деңгейін, кәсіби дағдыларын және жоғары жауапкершілік жағдайында жұмыс істей алу қабілетін көрсетті.

Команда жетекшісі — арнайы пәндер оқытушысы Ақбаева Назгуль Турысбековнаға ерекше алғыс білдіреміз. Оның кәсіби жетекшілігі, әр студентке деген мұқият көзқарасы және шабыттандыра білуі қатысушылардың жоғары нәтижесіне маңызды ықпал етті.

Колледж командасын жоғары жетістігімен құттықтаймыз және болашақ мамандарды даярлауға қосқан зор үлесі үшін Ақбаева Назгуль Тұрысбековнаны шын жүректен алғыс айтамыз!

 

Поделиться: