Жамақанов Әлішер — жобаның аймақтық турының жеңімпазы «Қазақстан Республикасының колледждерінің100 үздік студенттері»

Жұмақанов Әлішер 2018 жылы Өскемен экономика және қаржы колледжіне оқуға түсті. Сол кездің өзінде, мемлекеттік білім грантымен оқуға түсу емтиханының қорытындысы бойынша, Әлішер ең жақсы нәтиже көрсетіп, мүмкін болатын 50 баллдан 47 балл жинады. Қазір ол Есеп және аудит мамандығының 3-курсында оқиды, ол өте жақсы студент және батут гимнастикасынан спорт шеберіне үміткер. Сондай-ақ, Әлішер әр түрлі жарыстар мен олимпиадаларға белсенді қатысады, онда жақсы нәтижелер көрсетеді. Мәселен, 2020 жылдың қазан айында Әлішер «Қазақстан Республикасының колледждерінің 100 үздік студенттері» жобасына қатысты, оның мақсаты — дарынды жастарды қолдау, жұмыс біліктілігін және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарының білімі, білігі мен таланты арқасында жетістікке жеткен үздік студенттерді қолдау. Жобаның аймақтық кезеңіндегі жеңісі үшін, Әлішер Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды және оған Қазақстан банкінің «Нұрбанк» АҚ филиалына жұмысқа орналасуға жолдама табысталды.               

Құттықтаймыз! Саған одан әрі жеңістер тілейміз!

Поделиться: