9 желтоқсан — Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, құқықтық сана деңгейі мен құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында, 09.12.20 жылы Өскемен экономика және қаржы колледжі студенттерінің әлеуметтік пәндер оқытушысы Л.В. Шатурная, Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне орай онлайн-іс-шара өткізді. Әңгіме барысында слайдты тамашалай отырып, студенттер: сыбайлас жемқорлық дегеніміз не, сыбайлас жемқорлықтың салдары, қоғамның түрлі салаларына тигізетін кері әсерлері туралы мәселелерді талқылады. Іс-шара соңында студенттер сыбайлас жемқорлықпен күресу, әр азаматтың міндеті және белсенді азаматтық ұстаным көрсетілуі керек деген қорытындыға келді.

Поделиться: