Жатақханада тұратын студенттермен кездесу

Тәрбие жұмысы бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес 6 қыркүйекте Өскемен экономика және қаржы колледжінің әкімшілігі жатақханада тұратын студенттермен кездесу өткізді.

Студенттерге жатақханада тұру ережелерін сақтау және оларды бұзуға жол бермеу, жатақхананың мүлкіне ұқыпты қарау қажеттігі туралы ескертілді.

Кездесу барысында студенттер өмір сүру жағдайларына оң баға бере отырып, олардың тұрмысын жақсарту бойынша тілектерін білдірді. Колледж әкімшілігі өз қамқоршыларының сұрақтарына жауап берді.

Поделиться: