«Ұлт руханиятының көсемі» әдеби сабағы

2022 жылдың 15 қыркүйек күні «Өскемен экономика және қаржы колледжі» ЖШС 1-курс студенттерімен  «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ұлт руханиятының көсемі» атты әдеби сабақ өткізілді.

Сабақ барысында студенттер А.Байтұрсыновтың қалдырған рухани мұрасы, өмірі мен шығармашылығымен танысты. Сондай ақ білім алушылармен «Алаш кілті» танымдылық ойыны ойналып, «Әдебиет» атты сөзжұмбақ шешілді.

Студенттер шараға белсенділік танытып, қызығушылықпен тыңдап, өз ойларын ортаға салды.

Поделиться: