Өскемен экономика және қаржы колледж жеңімпаздары

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Ұстаздардың төл мерекесіне және Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 100 жылдық мерейтойына орай КСРО халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Асқар Ислямов атындағы «Үздік педагогикалық эссе» республикалық байқауының облыстық кезеңі мен Қазақстан Республикасы колледждерінің студенттері арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Республикалық Қ.Бітібаева атындағы олимпиадасының облыстық кезеңі «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМКҚ базасында 2023 жылғы 22 қыркүйекте өткізілді.

Өскемен экономика және қаржы колледжінен «Үздік педагогикалық эссе» байқауына колледж ұстаздары Сеитова Меруерт Төлеубайқыз мен Тлеулесова Гүлим Жамаладиновна қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.

Студенттер арасындағы олимпиада екі кезеңде өтті. Жазбаша-эссе және ауызша-Қ.Бітібаеваның өмірбаяны, оның ғылыми мұрасы және публицистикалық еңбектері қазақ әдебиеті пәнінен бағдарлама негізінде алынған білімдері сараланды. Олимпиадаға колледж оқытушысы Ауеспаева Анар Аскаповнаның жетекшілігімен, 22ЭБ-21к тобының студенттері Айтқабылова Диляра қатысып, Алғыс хат және Азаматқызы Аяулым ІІІ- дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Жеңіспен құттықтаймыз!

Поделиться: