Өскемен экономика және қаржы колледжінің директоры «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды

5 қазан айында мұғалімдер күнін мерекелеу қарсаңына Өскемен экономика және қаржы колледжінің директоры Ерсайын Ахметуәлиұлы Нәбиев білім беру саласындағы көп жылғы сіңірген еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Бұл медальмен бір салада 40 жылдан астам тәжірибесі бар қызметкерлерді, сондай-ақ еңбек қызметінде ең жоғары нәтижелерге қол жеткізген өз ісінің мамандарын марапаттайды.

Ерсайын Ахметуәлиұлы педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Педагогика Ғылымдары Академиясының академигі, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Оның еңбек жолы 40 жылдан астам уақыт бойы біліммен байланысты.

Ерсайын Ахметуәлиұлын құрметті марапатымен құттықтаймыз және еңбек қызметінде одан әрі табыс тілейміз!

Поделиться: