Біздің серіктестер-Жұмыспен қамту орталығы

Табысты жұмысқа орналасу мақсатында, колледж бітіруші топтағы
студенттермен қалалық жұмыспен қамту орталығының өкілі арасында
кездесу өтті. Болашақ түлектер орталықтың жұмысқа орналасу аясындағы
жұмыс ерекшеліктерімен, жастар тәжірибесі бойынша бағдарламаға
қатысушылар үшін, перспективамен танысты. Сонымен қатар өнімді
жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту ЕҢБЕК мемлекеттік
бағдарламасының жұмысы туралы білді. Бағдарламаның Бастау Бизнес
және Жас Кәсіпкер  бағыттарына ерекше назар аударылды. Бағдарламаға
қатысушылар өз бизнесін ашу үшін қолдау ала алады. Табысты жұмысқа
орналас, түлек!

Поделиться: