Ақындармен жырланған туған өлкем

2024 жылдың 17 сәуірінде Өскемен экономика және қаржы колледжінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында жазушы Ирина Борисовна Каланчинамен кездесу өткізілді. Кездесуді кітапхана меңгерушісі М.Т. Сеитова және орыс  әдебиеті пәнінің оқытушысы С.Н.Богомолова ұйымдастырды.

И.Б.Каланчинаның жазушы М.И.Чистяковтың өмірі мен шығармашылығы, ол туралы естеліктері негізге алынған «А может, счастье – это просто жить…» кітабы студентердің  үлкен қызығушылығын туғызды. Өте көп сұрақтар қойылды. Балалар Ирина Борисовна Каланчина мен Михаил Иванович Чистяковтың кітаптарымен танысуға ниет білдірді.

Поделиться: