2020 жыл-еріктілер жылы.

Өскемен экономика және қаржы колледжінің студенттері полиция
басқармасы мен АДО өкілдерімен еріктілердің бірыңғай базасын
қалыптастыру бойынша кездесуге қатысты. Өткізу мақсаты: Өскемен
қаласының волонтерлік қызметін дамытуға бағытталған жобаларды
талқылау, қаланың еріктілерінің бірыңғай базасын құру.
Кездесуге қатысушылар, жергілікті полиция подполковнигі Н. О.
Дүкенбаевтың және криминалдық полиция іздестіру бөлімінің подполковнигі
А. А. Дүйсенбаевтың, Өскемен қаласының еріктілер қозғалысының қызметі
туралы баяндамаларын қызығушылықпен тыңдады. Әлеуметтік және
азаматтық даму басқармасының қызметкері Е. Ю. Дюканова ҚР
Президентімен волонтерлік қозғалысты дамыту бойынша кездесу туралы
айтып берді.

Поделиться: