Келешек ұрпақ үйірмесінің отырысы

2020 жылдың 18-ші ақпанында Өскемен Экономика және Қаржы колледжінде,қазақтың ұлы классикалық ақыны Абай Құнанбаевтың 175-жылдық туған күніне орай келешек ұрпақ үйірмесіне арналған ашық отырыс өткізілді.

Достық үйі – Біріккен бірлестік орталығынан,ұлттық мәдениет орталығы Украин және Белорус шығармашыл ұжымы келешек ұрпақ үйірмесіне арналған ашық отырысқа шақырылды.

Абай Құнанбаевтың өлеңдерін колледж студенттері қазақ және орыс тілдерінде оқыды.Бибігүл Төлегенова және музыкалық ұжым «Крынічка» мен «Барвинок» орындауында Абай өлеңдері үнделді.

Үйірме мүшелері қонақтарды барлық ықылас пейілдерімен қарсы алып, олардың қатысқандарына жылы лебіздерін білдірді.

Поделиться: