Өскемен экономика және техника колледжінің студенттері «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында жастар арасында ұйымдастырылған «Спорт – тәртіп кепілі» үстел теннисінен жарысқа қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Рогожина Дарья 1-орын, Ыбырайұлы Нұрмұхамед 3-орын иеленді. Мұндай іс-шараларға қатысу жастардың спорттық белсенділігін, тәртібін және өзара іс-қимыл дағдыларын дамытуға ықпал етеді.Қатысушыларды дайындағаны үшін оқытушы Амиржанов Арман Тлектесовичке алғыс хат табысталды.

Колледж әкімшілі Арман Тлектесовичті және  жарысқа қатысушыларды құттықтап, оларға алдағы уақытта спорттық және оқу жетістіктеріне табыс тілейді!

Поделиться: