Колледж жатақханасында студенттермен кездесу өтті. Кездесуге оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары А. Талғатұлы, КТІ инспекторы Н. Б. Долдаханов, жатақхана директоры Т. А. Жексен және жатақхана тәрбиешісі қатысты.

Кездесу барысында студенттерге жатақханада тұрудың негізгі ережелері, ішкі тәртіп талаптары мен мінез-құлық нормалары түсіндірілді. Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, белгіленген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікке, сондай-ақ қауіпсіз әрі қолайлы тұру жағдайларын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында студенттердің жатақханада тұруына қатысты өзекті мәселелер қаралып, туындаған мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Мұндай кездесулер студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және ортақ тұру ережелеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал етеді. 

Поделиться: