Колледж бен Казцинк серіктестігі:
кәсіптік бағдар беру – болашаққа инвестиция
Өскемен экономика және техника колледжі Шығыс Қазақстан облысы колледждері альянсы аясында өңірдің жетекші кәсіпорындарының бірі — Казцинк компаниясымен әлеуметтік серіктестікті белсенді түрде дамытуды жалғастыруда.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – мектеп оқушыларына арналған бірлескен кәсіптік бағдар беру жұмысы. Колледж және кәсіпорын өкілдері қала мен облыс мектептеріне барып, оқушыларды сұранысқа ие жұмысшы мамандықтармен, оқу шарттарымен және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен таныстыруда.
Осындай кездесулер барысында оқушыларға заманауи өндірістік үдерістер, мансаптық өсу мүмкіндіктері, сондай-ақ өңір өнеркәсібін дамытудағы техникалық және қолданбалы мамандықтардың маңызы туралы мәлімет беріледі. Жастардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына және жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Осылайша, колледж бен Казцинк компаниясының ШҚО колледждері альянсы аясындағы бірлескен қызметі білікті кадрларды даярлау мен өңірдегі кәсіптік білім беруді дамытудағы маңызды қадам болып табылады.




