Өскемен экономика және техника колледжінің студенттері «Кітап оқитын ұлт – 2026» бастамасына белсенді қатысып, кітап оқудың маңыздылығын насихаттауда.
«Оқы. Ойлан. Өзгер!» ұраны жастарды көркем және танымдық әдебиеттерді оқуға, алған білімін саралауға, өз ойын қалыптастырып, жаңа идеяларға ашық болуға үндейді. Кітап оқу адамның дүниетанымын кеңейтіп, сөздік қорын байытады, ойды жүйелі әрі анық жеткізу дағдысын қалыптастырады.
Колледж студенттері кітап оқуды күнделікті әдетке айналдырып, оқыған шығармалары туралы өзара пікір алмасуға, кейіпкерлердің әрекеті мен шығарма мазмұнын талқылауға шақырылады. Рухани құндылық пен білімге ұмтылыс – жан-жақты дамыған, ойы сергек ұрпақ қалыптастырудың маңызды негізі.


