2026 жылғы 6 қарашада қазақтың ұлы ағартушысы, көрнекті педагог Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай еліміздің барлық өңірінде «Бірге оқиық» атты республикалық әдеби акция ұйымдастырылды.
Аталған акцияға Өскемен экономика және техника колледжінің студенттері де қатысып, ұлы ағартушының шығармаларын бір мезгілде дауыстап оқуға өз үлестерін қосты.
Іс-шара барысында студенттер Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ», «Бай баласы мен жарлы баласы» және «Қыпшақ Сейітқұл» шығармаларын оқып, олардың тәрбиелік мәніне назар аударды. Шығармаларда көрініс тапқан адамгершілік, адал еңбек, білімге ұмтылу және ізгілік құндылықтары жастарға өнеге болды.
Акцияның негізгі мақсаты – ұлттық әдеби мұраны насихаттау, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және оқу мәдениетін қалыптастыру.
Колледж ұжымы аталған республикалық бастаманы қолдай отырып, білімді, рухани бай әрі кітап оқуға құштар ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған жұмыстарға белсенді қатысуда.



