Өскемен экономика және техника колледжінде 1 және 2-курс студенттеріне арналған профилактикалық әңгіме өтті. Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, студенттер арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға бағытталды.

Әңгіме барысында Өскемен қаласы Үлбі полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Долдаханов Н. Б. студенттерге әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың айырмашылықтарын түсіндіріп, заңнамада көзделген жауапкершілік пен құқыққа қайшы әрекеттердің ықтимал салдары туралы баяндады.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, өз іс-әрекеттеріне саналы түрде қарау және олардың салдары үшін жауапкершілік алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мұндай кездесулер студенттердің құқықтық санасын қалыптастыруға және заңға құрметпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етеді.

 

Поделиться: